"Малға шөп салуға шыққанмын". Атырау облысында қасқыр ер адамға тұтқиылдан тап берген

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Атырау облысында қасқыр ер адамға шабуыл жасап, оны бірнеше рет қауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымы желіде Индер ауданының Елтай ауылында қасқырлар пайда болғаны туралы ақпарат таралғанын жазады. Жазба авторы жыртқыштардың бірі малға шөп салуға шыққан әкесіне шабуыл жасағанын айтады. Ауыл тұрғыны аңды өлтіруге мәжбүр болыпты.

"Сақ болыңыз, достар. Бұл оқиға біздің ауылда болған. Қасқырлар ауылға кіріп, анда-мында жасырынып жүр. Қасқыр өлексесі сараптамаға жіберілді. Нәтижелерін күтеміз. Мүмкін ол жай аш болған шығар. Дәл осындай жағдай Ынтымақ ауылында да болған. Қасқыр ер адамға шабуыл жасап, иығынан тістеп алды. Сақ болыңыздар", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жазбамен қоса сурет те беріліпті. Онда қолы жараланған жәбірленуші мен өлтірілген жыртқыш суреттелген.

Елтай ауылдық округінің әкімі Дулатбай Сариев бұл оқиға 19 желтоқсанда Елтай ауылынан 15 шақырымдағы қыстақта болғанын айтты. Жыртқыш ауыл тұрғынына таңертең ерте шабуыл жасаған. Бақытымызға орай, ер адам жалғыз болмаған. Ол қасқырдың мойнын қайырып, сол кезде басқа ер адамдар да көмекке жүгіріп келген. 

"Олар қасқырды байлап, көлікке тиеп, ауылға әкелді. Ауруханадағы ер адам тексеріліп, барлық қажетті медициналық көмек алды. Біз өз тарапымыздан ветеринарлық қызметпен жұмыс жасадық. Мамандар қасқырды жеткізген көлікті зарарсыздандырды. Жыртқыш өлексесі арнайы орынға шығарылып, үлгілері алынып, өртелді. Үлгілер құтыру ауруына қатысты тексеруге жіберілді. Нәтижелерін күтеміз", - деді Дулатбай Сариев.

Ауыл әкімі қасқырлардың елдімекендерге сирек жақындайтынын атап өтті. Олар адамдарға мәжбүрлі жағдайда шабуылдайды: аш болса немесе ауру болса. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек