Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында 2024 жылғы 21 желтоқсанда таңғы сағат 4:39-да жылу орталығында жарылыс болды. Зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді. Әкімдік үйлердегі жылу батареясының қызуы аздап төмендеуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде болғаны нақтыланады.

"Шаң-ауа қоспасының жарылысы болды, алайда өрт тіркелген жоқ."Риддер ЖЭО" штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында 4 градус суықты көрсетіп тұр". ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін екені де ескертіледі.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды