ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алды

Фото: Zakon.kz
Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында балалар үйінің түлегінің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 26 желтоқсанда Бас прокуратура мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.

Аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті.

"2024 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен азаматтың талап-арызы қанағаттандырылып, дауласқан нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттар жарамсыз деп танылды".  Бас прокуратура

Қабылданған шаралар әділдікті қалпына келтіруге және балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды