Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты. Бұл туралы 26 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, олар елімізге 27 желтоқсанда келіп жетеді. Сонымен қатар, Қазақстанға Әзірбайжан Азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.

Оқиға орнында Әзірбайжанның авиациялық билігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты:

Бұған дейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметі әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялаған болатын. Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар.  Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды.

Ақтау
Бозымбаев Қанат
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі