СҚО-да ер адамды бұқа сүзіп өлтірді

Сурет: primeminister.kz
Солтүстік Қазақстан облысында ер адамды бұқа сүзіп өлтірді. Қайғылы оқиға Тайынша ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандағы ең үлкен мал шаруашылықтарының бірін аралап жүрген жұмысшыны бұқа кенеттен сүзіп жіберген. Ауыр жарақат алған 40 жастағы азамат бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда, жағдайы тым күрделі болғандықтан дәрігерлер оны өлімнен арашалай алмады. Полицейлер іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алды, деп жазады astanatv.kz.

"40 жастағы жұмысшыға жануар жарақат келтірген. Ер адам Тайынша қаласындағы ауданаралық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Алайда, тілге келместен қайтыс болды". СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин

Бұған дейін Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен қос малшыны аман-есен тапқанын жазған болатынбыз.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты