"Тас-талқаны шықты". Медеуге барар жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 6 қаңтарда тау басындағы "Медеу" мұз айдынына апаратын жолда екі көліктің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Керей-Жәнібек хандар көшесінде болған, Toyota және Kia көліктері соқтығысқан.

Toyota көлігінің жүргізушісі атап өткендей, ол аз жылдамдықпен төмен қарай ылдилап келе жатқан, кенеттен паралелль жолда өзіне қарама-қарсы келе жатқан көліктер ішінен Kia қарсы жолаққа суырылып шығып, оның көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші бұл жайттың тез болғаны соншалықты, кроссовердің бұлай маневр жасауына не түрткі болғанын ұқпағанын, сол секілді өзі де қандай да бір әрекет ете алмай қалғанын айтады. 

Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында Toyota жүргізушісінің отбасы да бар: әйелі және екі баласы. Балалардың бірі 2011 жылы туған ұл бала және жүргізушінің жұбайы жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал өзі ауыр жарақат алмаған.

Сондай-ақ, аяғы сынған Kia жүргізушісі мен оның жолаушысы да зардап шекті.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia жүргізушісі  бұрылыс кезінде тайып, рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін. Апаттың мән-жайы нақтыланатын болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді