Түркістан облысында бірден үш жүкті әйелге көмек көрсетілді

Сурет: pixabay
ТЖМ қызметкерлері жедел медициналық жәрдем бригадасына көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Байдібек ата ауылынан 3 жүкті әйелді тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Қатты жел мен көктайғаққа байланысты жедел жәрдем көлігіне жүру қиынға соққандықтан, құтқарушылар екі медициналық қызметкерлерді ала отырып өтімділігі жоғары техникамен жолға шыққан.

Шақыру орнына жеткен құтқарушылар болашақ аналарды жақындарымен бірге жолдың қауіпсіз бөлігінде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізіп, дәрігерлерге аман-есен табыстады.

Бұған дейін Қызылорда облысында боранды күні жоғалған бақташы табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды