Алматы облысында адам толы автобус балшыққа батып қалған

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 21 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында жолаушылар автобусы балшыққа батып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға Қарақастек ауылынан 5 шақырым жерде орын алған. Жолаушылар автобусы балшық массасына батып, өз бетінше шыға алмаған.

Құтқарушылар дереу шақыру орнына барды. Жолаушылар мешітке уақытша орналастырылып, ЖАО-мен бірлесіп тамақтану ұйымдастырылды.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушыла автобусы жолдың тазартылған бөлігіне сүйреліп, өз бағытын жалғастырды",- делінген құтқарушылар мәліметінде.

Бұған дейін 21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз