"Гипнозбен арбап несие алдыртқан": Ақтөбеде жүз шақты адам емшіге алданған

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде "емшіге алдандық" деген 100 шақты адам шу шығарды. Дертіне дауа іздеп барғандарды емгі гипнозбен арбап несие алдыртқан көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, алданғандардың қатарында емшінің ет жақын туыстары да бар. Әулие санаған адамдарының алаяқ болып шыққанына ашынған олар прокуратурадан оны қамауды талап еткен. Емшіні тәртіп сақшылары ем жүргізетін орнынан тергеуге алып кетіп, қылмыстық іс қозғады.

Отыз жылға жуық емшілікпен айналысқан Сұлушаш Қазыбаеваға алдандық деген ақтөбеліктер саны алпыстан асыпты. Олардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Емші қабылдауына келгендерді гипнозбен есінен айырып, онлайн несие алдырады екен. "Еріксіз қарызға батқанымызды есімізді жиған соң ғана білдік" – дейді тұрғындар.

"Біз емге барып жүргенімде гипноз арқылы мені 18 миллионға сазға отырғызды. Қазыбаева Сұлушаш деген кісі. Бес баламен қазір жұмысым да, тамағым да жоқ, балаларыма алатын, мысал үшін. Емделуге барғанда жатқызып қойып, гипноз жасай ма, білмеймін. Жатқызып қойып емдейді. Кейін біз білмейміз, не істегенімізді. Телефонымызды алып, біздің атымыздан несие рәсімдеп отырған". Райхан Зарлықова

Емшіге алданғандар тәртіп сақшыларына арыз да түсірген. Облыстық прокурордың да қабылдауына барды. Олар Сұлушаш Қазыбаеваны қамауға алуды талап етіп отыр. Ақыры қаланың бас полицейі де емшінің қабылдауына келді. Сол жерде оны тергеуге өзімен бірге алып кетті.

"ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, яғни ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша. Осы қылмыстық іс аясында арыз жазғандар, сонымен қатар басқа да арыз жазуға дайын азаматтар екен. Осы жерге жиналып тұр. Ақтөбе қаласының тумасына қатысты. Бұл жерге келдік. Барлық мән-жайды анықтадық. Қазір ол кісіні тергеу үшін полиция бөліміне жеткіземіз". Әсет Қалиев, Ақтөбе ПД басқармасының бастығы

Еріксіз емшінің сиқырымен бір миллионнан 25-28 миллионға дейін ақша алып бергендер бар. Тәртіп сақшылары оны тергеуге үйінен көлікпен алып кетіп, уақытша қамау изоляторына қамаған. Жәбірленушілер оны тергеу кезінде де үй қамаққа жібермей, абақтыда ұстасын деп отыр. Себебі өзгелер де арбалып қала ма деп қорқады.

Бұған дейін Жамбыл облысында полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды