Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстады

Фото: primeminister.kz
Қарағандылық полицейлер көлікті мас күйінде тізгіндеген шетел азаматын тұтқандады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол сақшысы көліктердің бірін тоқтатып, оны тексеру кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққанын байқаған. Медициналық тексеріс жүргізіліп, жүргізушінің орташа деңгейде мас болғаны белгілі болды.

Сотқа материалдар әзірлеу барысында полиция қызметкерлері ереже бұзушының көршілес мемлекеттің азаматы екенін және оның елде болу мерзімі белгіленген құжатының уақыты өткенін анықтады. 

Алкогольдік масаң күйде көлік басқару және көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактісі бойынша шара қолдану мақсатында материалдар сотқа жолданды.

Бұған дейін Павлодарда ер адамның өз көлігін өзі тонағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз