Жаңаөзендегі балабақшалардың бірінде балалар жаппай астан уланды

Сурет: pixabay
Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz редакциясына  3 ақпанда Жаңаөзен қаласының тұрғындарынан мектепке дейінгі мекеменің 100 тәрбиеленушісінің тамақтан уланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Кейбірі ауруханаға қаралуға барған.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 31 қаңтарда сағат 20:13-те жедел жәрдем қызметіне іштің ауыруына шағымданған тұрғындардан шақырту түскенін хабарлады. Дәрігерлер 37 адамды тексеріп, олардың төртеуі – бір ересек және үш бала – ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаториялық тұрғыда ем алу тағайындалды.

Қазіргі уақытта балабақша жабық, тиісті органдар тексеру жүргізуде.

Айта кетсек, Қостанай облысында үш бала мен олардың атасы уланып, көз жұмған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған