Алматы маңындағы тағы бір тау шаңғысы курортында қар көшкіні болды

Сурет: pixabay
10 наурызда Алматы маңында тағы бір қар көшкіні тіркелді. Бұл жолы оқыс оқиға "Ақбұлақ" тау шаңғысы курортында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай сағат 15: 50-де 2 664 метр биіктікте болды.

"Көлемі 300 текше метр қар массасының өздігінен төмен түсуі тіркелді. Зардап шеккендер мен бүлінулер болған жоқ", деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына "Қазселденқорғау" ММ-нің, өңірлік ТЖД және курорт әкімшілігінің бес маманы мен үш бірлік техникасы аттанды. 

Жағдай бақылауда. Мамандар Ақбұлақ ауданындағы қар жамылғысын бақылауды жалғастыруда.

Бұған дейін желіде Шымбұлақ тау шаңғысы курортында болған қар көшкінінің қорқынышты кадрлары пайда болған. Аспалы жолдағы оқиға куәгерлері жоғарыдан болып жатқан жағдайды видеоға түсірген. Осы сәтте тау беткейінде жүрген адамдарды көруге болады. Олардың көпшілігі қар көшкінінен аман-есен қашып үлгерді. Алматы қалалық ТЖД-да оқиға кезінде зардап шеккендер мен құрбан болғандар болмағанын айтты. Қар көшкіні 2025 жылдың 10 наурызында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған белгіленген трассадан шығып жүйткіген үш шаңғышы кінәлі көрінеді. 

Алматы
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды