Шымбұлақ маңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты

Сурет: ҚР ТЖМ
Комсомол шыңы аумағында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы 2025 жылы 17 наурызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қар көшкініне тыйым салынған аумақта шаңғы тепкен үш адам түрткі болған. Олардың бірі мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Нунатак көлі аумағында Талғардың сол жақ асуында (Талғар ауданы) үш адам ("Шымбұлақ" тау шаңғы курортынан 1 шақырым қашықтықта тыйым салынған жер) шаңғы теуіп, биік тұсты кесіп өтуде қар жамылғысының қозғалуына түрткі болған. Салдарынан үшеуі де қар астында қалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Екі шаңғышы, Құдай сақтағанда аман-есен. Үшіншісінің денесін "Шымбұлақ" курортының құтқарушылары қар астынан алып шықты.

Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатқаны нақтыланады.

2025 жылы 10 наурызда Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, тау-шаңғы курорты аталған оқиға хронологиясын түзген болатын. Ол кезде де қар көшкініне тәртіп бұзған туристер түрткі болған.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр