Алматыда жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 1 сәуірде кешқұрым Құлагер шағын ауданындағы Серіков көшесінде Toyota Camry автокөлігі мен Isuzu жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry Серіков көшесімен батыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Жеңіл көлік жүргізушісі аяқ асты тоқтап қалған алдағы көлікпен соқтығысудан қашпақ болып, қарсы бетке өтіп кеткен. Ал, мұнда шығыс бағыт бойымен Isuzu жүк көлігі келе жатқан, осылайша олар бетпе-бет соқтығысты.

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан екі көлік те қатты зақымданды. Жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Сурет: Zakon.kz

Toyota Camry көлігінің жолаушысы да ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеді.

Сурет: Zakon.kz

Toyota Camry автокөлігін тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жоқтығы анықталды. Жүксалғышта үш нөмірлік белгілер жиынтығы табылды: біреуі транзиттік, болжам бойынша грузин үлгісі және екі қазақстандық нөмірлер жиынтығы. Мамандар жүргізушінің жеке басын анықтау үшін көліктен саусақ іздерін алды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын және Toyota Camry жүргізушісінің жеке басын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ЖКО куәгерлерін тергеуге жәрдемдесу үшін қолда бар ақпаратты беруге шақырады.​

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды