БҚО-дағы ауыл маңында болған жойқын жарылыс: полиция түсініктеме берді

Сурет: Telegram/gazizaraimbeknews
2025 жылғы 24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарасты Хан Ордасы ауылында жойқын жарылыс болды. Өңірдегі полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбаларды Shyndyk.kz Telegram-арнасы жариялады. Онда жарылыстан кейінгі түтін мен ауыл үстінен ұшып өткен тікұшақ көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дыбысы өте қатты болған және ауыл тұрғындарының зәресін ұшырған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

"24 сәуір күні шамамен сағат 20:00-де WhatsApp мессенджерінде Бөкей ордасы ауданында тікұшақтың ұшуы мен қатты дыбыстарға қатысты видео және аудио жазбалар тарады. Аталған оқиғалар елді мекендерден алыс орналасқан әскери полигонның қоршалған аумағында жоспарлы шаралар жүргізілуімен байланысты. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті органдар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде".

Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД мегаполис тұрғындары мен демалушыларына үндеу жасаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті