"Бізді Құдай сақтап қалды". Алматыда танымал демалыс орыны аумағына таудан тастар құлады

Сурет: pixabay
2 мамырда Алматыда жауған нөсер жаңбырдан кейін Алмарасанда таудан тастар құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД  тастардың құлауына қолайсыз ауа райы, яғни қатты жел мен нөсер жаңбыр түрткі болғанын айтады.

"Тастар жеке инвестор салған нысанға құлады. Зардап шеккендер жоқ. 112 - шұғыл байланыс желісіне де осы сипатта қоңырау келіп түскен жоқ. Оқиға орнында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары болды. Қазіргі уақытта қауіп жоқ", деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Тастар құлаған кезде ол маңда туристер болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ.

ТЖД бұған дейін алматылықтар мен қала қонақтарына дауылды ескерту жариялануына байланысты тауға шығудан бас тарта тұруды ұсынған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз