Павлодарда такси өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда таксиде өрт болып, екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға түсті. Оларға күйік шалу диагнозы қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік Олжабай батыр көшесінде өртке оранған. Осы кезде такси салонында ерлі-зайыпты мен екі кішкентай бала болған. 

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтап, жарылысқа жол бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Көлік жүргізушісі, сондай-ақ екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға жеткізілді.

"Балалар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты. 2023 жылғы қызға бет, қол, бел аймағының I-II дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Зақымдану ауданы - 18%. 2016 жылғы тағы бір қызға бет, екі қол, оң жақ балтырдың I-II-III дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Зақымдану ауданы – 7%", - деді облыстық балалар ауруханасындағылар.

1992 жылғы - балалардың анасы III дәрежелі термиялық күйік алған және № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қолы күйіп қалған такси жүргізушісі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетсек, 21 мамырда таңертең Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапқан болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды