Астана - Алматы автожолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Сурет: pixabay
4 маусымда Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 960-шақырымында "Астана – Шымкент" бойынша бағыт алған жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кезінде салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған.

Белгілі болғандай, қызыл жалын мотор бөлігінен тұтанған. Өрт аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жойылды.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық жолаушылар эвакуацияланып, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

 Бұған дейін Қазақстаннан шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Қарағанды
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды