Қуандық Бишімбаевпен қатар соттталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Қуандық Бишімбаевпен қатар соттталған оның бауыры Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, бұл мәліметті сот процесі кезінде оның құқығын қорғаған адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растап отыр.

Ағасының қылмысын жасырамын деп, басы дауға қалған Байжанов биыл жаздан бастап шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін білдіруге құқылы. Мұндай мүмкіндікті ол сотқа тікелей емес, түрме әкімшілігі арқылы өтініш жасап пайдалана алады. Яғни түзету мекемесі сотталған азаматтың осы уақыт аралығындағы мінездемесі мен жүріс-тұрысы жайында бар мәліметті жинап, Байжанов жазасын өтеп жатқан Степногор қаласындағы сотқа тапсырады. Одан кейін ғана сотталушының ендігі тағдыры белгілі болмақ. Дегенмен заңгердің айтуынша, ол рақымшылыққа ілінгенімен, қылмыстық жауаптан толық босатылмайды. 

"Бұл жерде Байжановқа тағайындалған жазаның үштен бір бөлігі алынып тасталынуы мүмкін. Яғни жазасын өтеп жатқан мекеме Степногорск қаласындағы сотқа тиісті ұсыныспен шығуы керек. Құжат жинап, сот арқылы жүзеге асырылуы керек". Ғазиз Ынтықбаев, Б.Байжановтың адвокаты

Еске салсақ, жеңгесінің өлімін жасырып қалғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған Байжанов та, ағасы Қуандық Бишімбаев та қазір Степногорда. Тек сотталған баптарына байланысты әр түрлі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Қазақстан
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды