Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті 2025 жылы 23 маусымда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, еліміздің авиациялық әкімшілігі 13 маусымнан бастап отандық әуе компанияларға алты елдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға алты елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды. Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады", делінген ведомство хабарламасында.

Ал Қазақстан азаматтары Ашхабадтан эвакуацияланған.

"Айта кету керек, ағымдағы жылдың 17 маусымында SCAT әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматтарын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады. Рейс қолданыстағы шектеулерге сәйкес толық орындалды". Азаматтық авиация комитеті

Айта кетсек, бүгін Air Astana Таяу Шығыс арқылы қатынайтын рейстерді тоқтату туралы шешім әлі күшінде екенін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді