Алматыдағы жерасты газ жарылысына қатысты тың мәліметтер пайда болды

Сурет: "QazaqGaz Aimaq" АҚ
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қоғаммен байланыс және интеграцияланған менеджмент жүйесі департаменті 16 шілдеде Алматы қаласының Бостандық ауданында жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу кезінде болған газ жарылысына не түрткі болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания Алматыда газбен жабдықтау жүйесіне ақау келмегенін, газ штаттық режимде беріліп жатқанын айтты.

Алдын ала нұсқа бойынша, оқыс оқиғаға құбырдың көзге көрінбейтін өндірістік ақауы түрткі болуы мүмкін, яғни диаметрі 426 мм тік тігісті құбырдың зауыттық тігісі бойындағы ақаулығы.

"Тұрғындардың қауіпсіздігі біз үшін сөзсіз бірінші басымдық беретін жайт болып табылады. Біз дереу әрекет етіп, оқиға орнын қоршауға алып, алғашқы тексеруді жүргіздік. Газбен жабдықтау желісінде бұзылыстар, қауіп жоқ. Мердігер ұйым келтірілген залалды өтеуді өз мойнына алады. Әлеуметтік бағдарланған компания ретінде біз" QazaqGaz Aimaq " АҚ аталған жайтты өз бақылауымызда ұстаймыз", - деді "QazaqGaz Aimaq" АҚ-тың Алматыдағы өндірістік филиалының директоры Ақылбай Сапаров.

Сондай-ақ, компания барлық қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде жүргізілетінін же кізді.

Алматыда бүгін жер астында газ жарылысы болып, екі адам зардап шекті. Олар жарылыс кезінде ұшып түскен көлік ішінде болған . "

QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметі "СантехКомплектГрупп" ЖШС мердігерлік ұйымы орындаушы жаңадан салынған жерасты газ құбырындағы қысымды сығымдау жұмыстарын жүргізу кезінде газдың ауаға тарағанын айтты. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі