Павлодар - Семей тас жолында жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
26 шілдеде таңертең Павлодар - Семей тас жолында, Аққулы ауылынан 20 шақырым қашықтықта жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, жүргізушісінің рөлге ие болмауы салдарынан "Touota Corolla" кюветтен ұшып кетіп, аударылған.   

"Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Полиция ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе көлік қозғалысы көп және жол ерекшеліктері бар учаскелерде және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

Бұған дейін Баянауылда демалыс аймағында жол апаты болып, бес адам зардап шеккені хабарланған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды