Трамп 25% кедендік баж енгізді: Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген жаңа 25% кедендік баж Қазақстан экспортына да ықпал ете бастады. Осыған орай ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан АҚШ тарапынан енгізілген қосымша тарифтерге байланысты келіссөздерді жалғастырып жатыр. Биыл маусым айында министрлік өкілдері АҚШ-пен екіжақты кездесу өткізген. Онда Қазақстан өзара тиімді сауда ынтымақтастығын дамыту, тауар жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын сақтау және нарыққа әділ қол жеткізу мәселелерін қамтитын ресми ұсыныс жолдаған.

Аталған ұсыныс АҚШ Президентінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығы мен оған енгізілген кейінгі өзгерістерге сәйкес әзірленген.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған бастамаларды жан-жақты талқылаған. Қазақстан тарапы сындарлы әріптестікке дайын екенін растап отыр. Америкалық тарап та диалогты жалғастыруға ашық екенін білдірген.

Экспорттың 95%-дан астамы жаңа тарифтен тыс қалады

Министрлік хабарлауынша, енгізілген тарифтер Қазақстаннан АҚШ-қа жеткізілетін экспорттың тек 4,8%-ына ғана әсер етеді. Қалған 95,2% өнімге жаңа баждар қолданылмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан АҚШ-қа мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал, титан, бериллий және басқа да өнімдерді экспорттап отыр. Бұл өнімдердің басым бөлігі шектеусіз экспортталып жатыр.

Ал жаңа баж салығы сары фосфор, ферросилиций, линзалар, бидай глютені және аммоний нитраты секілді өнім түрлеріне әсер етпек.

Нақты сандар:

Қазақстан тарапы алдағы уақытта да тарифтік шектеулердің теріс әсерін азайтуға бағытталған келіссөздерді жалғастыратынын мәлімдеді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты