Өгей қызын зорлаған: 45 жастағы қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz/Ирина Адылканова
Павлодар облысында кәмелетке толмаған өгей қызын зорлағаны үшін 45 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1980 жылы туған тұрғынды ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

"ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын". Судья Нұрлан Айтбаев

Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленушіге 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Сот дерегінше, қылмыс екі рет – 2024 жылғы қазанда және 2025 жылғы қаңтарда жасалған. Өгей әкесін 2025 жылғы наурызда ұстаған, дәл сол кезде 13 жастағы қыз бәрін анасына айтып берген. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам алдап, қызды ауылдан қаладағы пәтеріне шақырып, оны зорлаған. Дәлелдердің бірі – мессенджердегі хат алмасу, онда өгей әкесі өгей қызына сүйіспеншілік білдіріп, тағы да келуін өтінген. Айыптау негізіне бірнеше сараптама нәтижелері де енді.

Сот процесі жабық режимде өтті. Сот талқылауында ер адам кінәсін мойындамады. Алайда бұған дейін, қорғану құқығы бар куәгер мәртебесінде жүргенде, ол кінәсін мойындаған жауап берген. Сонымен қатар, қыз айғақтарында өгей әкесінің өзіне жыныстық зорлық көрсеткен күндерді нақты атаған.

Сотталушының әпкесі оның кінәсіне сенбейтінін және үкімге шағымданбақ ниеті барын айтты. Оның сөзінше, ер адам құрылыс жұмыстарымен айналысқан және Ақсуда тұрған, ал әйелі балаларымен ауылда өмір сүрген. Өгей әке қызды тек үй жинауға көмектесу үшін шақырғанын айтқан. Алайда кейін оған зорлау айыбы тағылған. Ер адамның әпкесі басқа туыстарынан бөлек, бауырының кінәсіне сенбейтінін және бірінші сатыдағы сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Алматыда ақша толы сейфті ерекше әдіспен ұралған күдікті ұсталғандығын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды