Мас күйде жүру, аумақты ластау, жұртқа тису: "Сайран" көлі маңында құқық бұзушылықтар анықталды

Сурет: Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматы полициясы "Сайран" көлінде профилактикалық жұмыстарды күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 4 мыңнан астам хаттама толтырған. Оның ішінде 255 хаттама тікелей "Сайран" көлі маңындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болды.

Атап айтқанда, азаматтар алкогольдік ішімдіктер ішу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, аумақты ластау, жұртқа тиісу, абаттандыру ережелерін бұзу және рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасау әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шомылу маусымы ашылғалы бері "Сайран" көлінде полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тұрақты түрде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, ювеналды полицияның жаяу патрульдері, учаскелік инспекторлар мен ЖҚАЖ жауынгерлері де тәулік бойы кезекшілік етуде.

"Сайран көлі – бұл заманауи инфрақұрылымы бар танымал демалыс орны. Біз құқық бұзушылықтардың алдын алу, Заң мен тәртіпті және тазалықты сақтау мақсатында патрульдеуді күшейттік. Қаланың тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасаймын: қоғамдық орындарды құрметтеңіздер, ережелерді сақтаңыздар, себебі қауіпсіздік пен жайлылық әрқайсымызға байланысты", – деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Бұған дейін қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызғандығын жазған болатынбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды