2 жастан 9 жасқа дейін: Абай облысындағы жол апатынан қаза тапқан және зардап шеккен балалар туралы не белгілі

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 20 тамызда Абай облысының әкімдігінде автокөлік басып кеткен балалар туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қайтыс болған үш баланың жасы – 2 мен 7 жас аралығында. Тағы 6-9 жас аралығындағы үш бала жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болғандардың екеуі – Жарма ауданы Жангізтөбе ауылының тұрғындары, олар Үржарға атасы мен әжесіне қонаққа келген, бір бала Үржар ауданының тұрғыны. Зардап шеккен үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі – Жарма ауданынан". Абай облысы әкімдігі

Әкімдік қаза тапқан балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті көмекті көрсетуде. Сондай-ақ психологиялық және материалдық қолдау да беріледі.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп хабарлады. Балаларға бас-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылды. Жағдайлары тұрақтанған соң, оларды әуе бортымен Астанаға жеткізу мәселесі қарастырылады.

Жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 19 тамызда шамамен 16:00-де Үржар ауданы Бестерек ауылында болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 55 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан он метр қашықтықта тұрған алты баланы қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі – ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Көмек көрсету үшін Астана қаласынан Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен дәрігерлер облысқа жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты