Алматыда Әл-Фараби даңғылында BMW көлігі құрылыс алаңының қоршауына соғылды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 10 қыркүйекке қараған түні Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында BMW маркалы көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Розыбакиев пен Серікбаев көшелерінің арасындағы аумақта орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шығыс бағытта қозғалған BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолда сырғанап кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Көлік жолақтардың барлығын кесіп өтіп, жиекжолға шығып, құрылыс нысанының бірнеше металл қоршауын қиратқан.

Сурет: Zakon.kz

Абырой болғанда, оқиға кезінде тротуарда жаяу жүргіншілер болмаған. Жүргізуші мен жолаушылар дін аман.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, көлік жолақтан жолаққа ауысып келе жатқан. Кейбіреулердің сөзінше, апаттың алдында BMW көлігін басқа бір көлік қиып өткен, сол кезде жүргізуші соқтығысудан қашамын деп рөлді күрт бұрып, көлікті басқара алмай қалған.

Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, жол апатының мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Алматыда 8 қыркүйекке қараған түні Алматыда Саин даңғылы мен Абай даңғылының қиылысына жақын маңда Hyundai Elantra жеңіл көлігі мен жол жұмысшыларының Hino маркалы жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болғанын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды