Шымбұлақта кісі толы аспалы кабина бұзылып, көкте қалып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылы 10 қыркүйекте Шымбұлақта төтенше жағдай орын алды. Іші кісі толы аспалы кабина көкте орта жолда қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы кенеттен тоқтап қалды. Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде көктегі кабинада қалып кеткен 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсірді, Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Шымбұлақ" ТШК әкімшілігі оқыс оқиғаға тап болған адамдарға ыстық сусындар мен жылынатын орын ұсынды.

Зардап шеккендер жоқ.


"Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді, оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде" деп нақтыланады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды