Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, президентке "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды.

Марат Омаров мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.

Мұнымен қоса, негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілгенін айтты.

"Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған".

Сондай-ақ, ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Өз кезегінде, президент  экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Омаров Марат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды