Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында 11 қыркүйекте жолаушылар тасымалдаған шағын автобус апатқа ұшырап, ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Қарақия ауданының Сенек ауылынан 90 шақырым жерде орналасқан автожолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автобус жол шетіндегі сайға аударылып кеткен.

Көлік ішінде жолаушылар болған. Оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, апаттың себебі мен мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, жүргізушілерді жол жүру ережелері мен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады