Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апаты: көлік өртеніп, жүргізуші тірідей жанып кетті

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқиға орнында болған Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Алматы – Шелек – Қорғас автожолымен батыс бағытта келе жатқан.

Ол көлік тізгініне ие бола алмай, алда кетіп бара жатқан Volvo F17 жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Жол апатының салдарынан Changan көлігі өртке оранды. Ал, оның жүргізушісі көлік ішінде қалып қойып, тірідей жанып кетті.

Сурет: Zakon.kz

Марқұмның денесі мәйітханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінген болатын.

Сурет: Zakon.kz

Ведомство 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 147-шақырымында орын алған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


"Алдын ала мәліметтер бойынша, Changan жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктерінен оқиға орнында қайтыс болды", – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазір мамандар оқиға жайлы толық, жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін тиісті тергеу әрекеттерін атқарып жатыр.

Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды