Мұрат Нұртілеу министр қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, ол ҚР Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне келді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды".Ақорда

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу: 

1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 

Жаңа қызметке келерден бұрын Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымында жұмыс атқарған. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы кезекті бір Жарлығымен Сыртқы істер министрі етіп Ермек Көшербаевты тағайындады

Қазақстан
Молния
Нұртілеу Мұрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді