Павлодарға қалың қар түсті. Полиция көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады

Сурет: видеодан алынды
2025 жылдың 11 қазанында Павлодар облысы мен өңір орталығында қар жауды. Полиция автокөлік жүргізушілеріне жол жағдайы нашарлағанын ескертіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қаласының тұрғындары алғашқы қалың қарды видеоға түсіріп, жаппай желіде бөлісуде.

Сондай-ақ, Павлодар мен облыс тұрғындарына жүгініп, полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Ауа райының қолайсыз болуына, қар аралас жаңбырдың жаууына және жолдарда көктайғақтың пайда болуына байланысты облыс аумағындағы автожолдардың жабылуы ықтимал. олиция жүргізушілерге ауа райының өзгерісін, SMS-хабарламаларды мұқият бақылап, жолдар жабылған жағдайда жолға шықпауға қатаң түрде кеңес береді. Метеожағдайдың нашарлауы мен автожолдардың жабылуы туралы жедел ақпаратқа назар аудару қажет! Сонымен қатар, ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезінде алыс қашықтыққа жаяу шығудан бас тарту ұсынылады", делінген ПД хабарламасында.

Полиция көлік жүргізушілеріне сапар бағытын алдын ала жоспарлап, барынша мұқият болуға, қозғалыс кезінде жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ алыс сапардан бас тартуға кеңес береді.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, біріңғай құтқару қызметінің 112 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді