Не жарық, не жылу жоқ: Алматыда қолданысқа жаңадан берілген тұрғын үй кешені тұруға жарамсыз болып шықты

Фото: Zakon.kz
Алматыда тұрғындар үш айдан бері жаңа пәтеріне кіре алмай жүр. Жөндейін десе, пәттерде не жылу, не жарық жоқ. Жеделсатының да тек орны тұр. Наразы жұрт құрылыстың шикілігі көп дейді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Анар Кенжебекова пәтерді мемлекеттік бағдарламамен алған. Алайда келіншектің қуанышы көпке созылмапты. Әрең қолы жеткен баспанасында жылу да, жарық та жоқ. КТК дерегіне сүйенсек, Анар әлі күнге дейін бала-шағасымен жалдамалы пәтер жағалап жүр.

"Міне, үш ай болды, баспанама кіре алмаймын. Жалға төлеп жүрмін, кредит төлеп отырмын, қосымша және ипотека төлеп отырмын. Осындай қиын жағдайға түсіп, қазір үш жақты, міне, жалақымызды жеткізе алмай, әзер отырмыз. Пәтер жалдауға 250 мың теңге төлейм. Қиналып кеттік. Не анда емес, не мұнда емес. Жылу да жоқ",- деді ол.

Үйдің сырты ғана бүтін, ал ішіндегі құрылыс жұмысы әлі бітпеген. Жайлы үй деп сатылғанымен, мердігер арзан әрі сапасыз материалдарды қолданған дейді наразы жұрт. Құрылыс компаниясы аумақты абаттандыруды да ұмыт қалдырған. Қоршаудан бастап, футбол алаңы, тіпті үй алдындағы орындыққа дейін тек жарнамада, сурет жүзінде қалған.

"Тұрғындар тек мердігерге емес, бітпеген нысанды қабылдап алған шенеуніктерге де өкпелі. Алайда олардың шағымына қатысты не құрылыс компаниясынан, не әкімдік өкілдерінен жауап ала алмадық",- делінген телеарна жазбасында.

Бұған дейін Алматы облысындағы тасжолда 11 көліктің апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды