Жетісу облысында қар құрсауында қалған 15 адам құтқарылды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма стансиясынан 20 шақырым жерде құтқарушылар қарлы боран арасынан 15 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, қар құрсауында калып қойған бес жеңіл көліктен адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

ТЖМ құтқарушыларының күшімен 15 адам құтқарылды. Барлығы Көктұма стансасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарға жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын ескеріп, жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Бұған дейін БҚО-да мұз астына түсіп кеткен жүк көлігі шығарылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады