Степногорскіде 80 жастағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, 12 млн теңге қаржысынан айрылған

Фото: freepik
Степногорск қаласында ірі көлемдегі интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 80 жастағы зейнеткер қаскөйлердің құрығына түсіп, 12 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 желтоқсанда ер адамға белгісіз тұлғалар телефон соғып, өздерін оның бұрынғы жұмыс орнындағы кадр бөлімінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар зейнеткерлерге қатысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін айтып, алда қаржылық тексерулер жүргізілетінін ескерткен.

Алаяқтар зейнеткерге бірден психологиялық қысым көрсетіп, жағдайдың өте шұғыл екенін айтып, бұл туралы ешкімге айтпауын талап еткен. Үш күн бойы қаскөйлер жәбірленушімен үздіксіз байланыста болып, оны адастырып, барлық әрекетін бақылауда ұстаған.

Олардың айтқанына сенген ер адам депозиттік шотынан 10 миллион теңгені шешіп алып, бұған қоса 2 миллион теңгеден астам жеке жинағын қосқан. Барлық ақшаны алаяқтар көрсеткен шетелдік есепшоттарға үш транзакция арқылы аударған. Келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асып кеткен.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары банк қызметкерлері, полиция немесе мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды немесе үшінші тұлғалардың есепшоттарына қаржы жіберуді талап етпейтінін еске салады. Сондай-ақ полиция өңір тұрғындарын егде жастағы туыстарына алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдерін үнемі түсіндіріп, олармен тұрақты байланыста болуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз