Бұл туралы 2026 жылы 12 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Апатқа ұшыраған катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған. Зардап шеккен барлық адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның үш азаматы ауруханаға жатқызылған, олар дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты. Шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті қолдауды көрсетіп отыр".
ТАСС мәліметтері бойынша, Korawich Marine 888 серуендеу қайығы жергілікті уақыт бойынша сағат 08:55-те (Астана уақыты бойынша 06:55) Андаман теңізінде балық аулайтын кемемен соқтығысқан. Қайықта барлығы 55 адам болды: 52 турист және 3 экипаж мүшесі. Қатты соққыдан кейін корпусына зақым келген катер теңізге батып кетті.
Туристік полицияның хабарлауынша, катер бортында 33 Ресей азаматы, 8 – Қазақстан, 4 – Өзбекстан, 2 – Қырғызстан, сондай-ақ Польша мен Ұлыбритания азаматтары болған.
Ресейлік бас консул Егор Иванов 2008 жылғы ресейлік бойжеткен алған жарақаттарынан қайтыс болғанын және әртүрлі ауырлықтағы жарақаттары бар Ресей Федерациясының 23 азаматы Пхукеттің бірнеше медициналық мекемелеріне жеткізілгенін айтты.