Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Сурет: видеодан алынды
2026 жылы 17 қаңтарда Көкшетауда қалааралық автобустағы шетелдік жолаушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, қатты аяз бен жол жағдайының қауіпті болуына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында қалааралық автобус тоқтауға мәжбүр болды. Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болды. Барлық жолаушылар — Тәжікстан Республикасының азаматтары.

"ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, оларды бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Эвакуацияланғандар құтқарушыларға жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін алғыс білдірді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе облысында Ресей – Тәжікстан бағытына қатынайтын, шетелдік туристер толы автобус қатты аязға байланысты Қарабұтақ – Қостанай тас жолының жиегіне тоқтауға мәжбүр болғанын жазғанбыз. Жергілікті полицейлер Van Hool автобусында 46 адам, оның ішінде екі жүргізуші болғанын анықтады. Жолаушылардың арасында бес әйел мен бес бала да бар (барлығы шетел азаматтары). Көліктің тоқтауына қатты аяз салдарынан дизель отынының қатуы түрткі болған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды