Жаңаөзендік тұрғын мен оның сыбайласына интимдік бопсалау үшін 17 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Фото: pexels
Полиция қызметкерлері бопсалауға күдікті екі ер адамды ұстады. Тергеу нұсқасына сәйкес, олардың бірі 24 жастағы қызды интимдік фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, одан 1 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, полицияға 2000 жылы туған жәбірленуші арызданған. Оның айтуынша, 1997 жылы туған ер адам әлеуметтік желілерде және туыстары арасында интимдік фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, одан 1 млн теңге көлемінде ақша талап еткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 17 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында екі күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің бірінен көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екіншісінен қара түсті iPhone 11 ұялы телефоны тәркіленді. Бұл құрылғылар заттай дәлел ретінде қылмыстық іске тіркелді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі ("Бопсалау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бопсалаумен айналысқан тұлғаларға 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін (17 300 000 теңге) айыппұл салынуы, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу не дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін Өскеменнің бір бөлігі аязға байланысты сусыз қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды