ҚР Ұлттық банкі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына коллекциялық монета шығарады

Фото: пресс-служба Национального банка РК
Қазақстан Ұлттық Банкі 2 ақпанда "Спорт" сериясынан "OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK" монеталарын айналысқа шығаратындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монеталардың қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланатындығы атап өтілді.

"Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі. Ол жоғары жылдамдығымен, тактикалық тартысымен және көрермен үшін өзіндік тартымдылығымен ерекшеленеді. Спорттың бұл түрі 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бар. Жарыс кезіндегі бәсеке деңгейінің жоғары болуы мен қарқынды динамикасы халықаралық деңгейде қалың аудиторияның назарын баурап келеді",- делінген ақпаратта.

"OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK" коллекциялық монеталары немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Белгілі болғандай, монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Бұған дейін Ұлттық Банк Ұлттық қордан сатылған валюта көлемін атаған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі