Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәбидің ата-анасы полицияда қызмет ете ме – ПД жауабы

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 ақпанда Абай облысының Полиция департаменті (ПД) Семей қаласында қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің ата-анасы полиция қызметкерлері ме деген сұраққа, сондай-ақ олардың не себепті қамауға алынбағанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер анықталып, ұсталып, қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу үшін жеткізілген.

Оларды неге уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алмағаны туралы сұраққа полиция өкілдері қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттігін, соның ішінде баланың өлім себебін анықтау керектігін түсіндірді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде сәбидің ата-анасы полиция қызметкерлері деген ақпарат тараған. Алайда Полиция департаменті бұл мәліметті растамады.

"Күдіктілер полиция қызметкерлері емес. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", – деп атап өтті ведомство.

Сондай-ақ ПД өкілдері кінәсі дәлелденген әрбір адам заң алдында міндетті түрде жауапқа тартылатынын және ешкімнің жауапкершіліктен жалтармайтынын мәлімдеді.

2026 жылдың 3 ақпанында Семейде жаңа туған нәрестенің денесі сүлгімен оралған күйінде қоқыс жәшігінен табылды. Күдікті ретінде ұсталған 20 жастағы ана сәбиді үйде босанғанын және оның өлі туылғанын айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж