Үкіметте су тасқыны қаупінің деңгейі жоғары өңірлердің аты аталды

Сурет: pixabay
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен "Қазгидромет" РМК ұсынған жаңартылған болжамдық деректерді ескере отырып су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп күтілуде. Елдің басым бөлігінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болжанып отыр.

Сәуір айы да жылы болады деп күтіледі. Батыс өңірлерде, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болуы мүмкін.

Болжамды ескере отырып, су тасқыны қаупінің деңгейі бойынша өңірлер айқындалды:

Қауіп деңгейі жоғары:

Қауіп деңгейі орташа:

Қауіп деңгейі төмен:

Tasqyn ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын модельдеу нәтижесінде, "Қазгидромет" РМК, Су ресурстары және ирригация министрлігі және Talsim-NG жүйесінің деректері негізінде 34 елді мекен ықтимал қауіп аймағына енгізілді (8 – Ақмола облысында, 1 – Абай облысында, 8 – Солтүстік Қазақстан облысында, 2 – Қарағанды облысында, 2 – Ақтөбе облысында, 13 – Батыс Қазақстан облысында).

Сурет: primeminister.kz

Tasqyn жүйесіне 98 гидрологиялық бекет бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар келіп түседі. Talsim-NG есептеулерінің нәтижесінде 72 виртуалды гидробекет бойынша су шығынының болжамдары қалыптастырылды. Модельдеу Есіл, Нұра, Жайық, Сырдария, Шу, Талас, Тобыл және Ертіс өзендерінің бассейндерінде жүргізілуде.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев автомобиль және теміржол жолдарының су өткізу қабілетін арттыру жөніндегі шаралар туралы есептерді тыңдады. Бүгінгі күні 582 су өткізу құбыры салынды, автожолдарды реконструкциялау барысында 63 көпір тұрғызылды. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бес апатты көпірге күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар вице-премьерге су тасқыны қаупі бар өңірлерге жасалған іссапарлардың нәтижелері және азаматтық қорғау күштерінің әрекет етуге дайындығы туралы баяндалды. Төтенше жағдайларды жою үшін саны 39 мыңнан астам адам құрайтын республикалық және өңірлік күштер мен құралдар топтастырылды. Олардың қарамағында 12 мыңнан астам техника, 4 мыңнан астам су сору құралы және 700-ге жуық жүзу құралы бар.

"1 наурыздан бастап ТЖМ Жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеуде. Гидрологиялық жағдай мен су тасқыны қаупі бар аумақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілуде", делінген хабарламада.

Елдегі ахуал туралы Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, Су ресурстары және ирригация, сондай-ақ Көлік министрліктері баяндама жасады.

Қазақстан
Бозымбаев Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды