Тоқаев Қазақстан мен Перу арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Перу арасындағы экстрадиция туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Ақорда сайтында жарияланған.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген ресми хабарламада.

Аталған заңның мақсаты – қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайту және қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты рәсімдер бойынша өзара тиімді құқықтық көмек көрсету. Ратификацияланған шарт қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін іздеуде жүрген адамдарды беру (экстрадициялау) тәртібін реттейді.

Атап айтқанда, шарт:

Аталған шарт шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын орталық органдар ретінде Қазақстан тарапынан Бас прокуратура, ал Перу тарапынан Мемлекеттік прокурор кеңсесі белгіленген.

Қазіргі уақытта Перу аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған тұлғалар жоқ. Сол сияқты Қазақстан аумағында да Перу құзырлы органдары іздестіріп жатқан адамдар тіркелмеген.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты