Өскеменде жөндеу орталығында өрт шықты: жалын ішінен алты баллон шығарылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемен қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан техникалық қызмет көрсету станциясынан (ТҚКС) алты газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Целинная көшесінде орналасқан ТҚКС аумағында сыйымдылықтардағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанды. Өрт аумағы 102 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ашық жану мен қою түтінді анықтады. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті сөндіру ұйымдастырылып, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды.

"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды",- деп атап өтті ТЖМ.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматы облысының құтқарушылар түнде 4300 биіктікте жоғалып кеткен туристі құтқарғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды