Қарағандыда теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

Фото: primeminister.kz
Қарағандыда 50 жастағы теміржол қызметкерін электровоз қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Жаңа Қарағанды станциясында болған. "Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, түнгі сағат 2-лер шамасында электровоз жол монтерін қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте машинист шұғыл тежегішті басқанымен үлгермеген.

Оқиға салдарынан мерт болған жол монтері – 1977 жылы туған 4-разрядты маман. Алдын ала мәлімет бойынша, ол құрал-жабдықтарды күзетіп жүрген. Ер адамның теміржол саласында 28 жылдан астам еңбек еткені айтылады. Ол үйленген, үш бала тәрбиелеп отырған, оның екеуі кәмелетке толмаған.

"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қарағанды сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр".Бағлан Жарылқасынұлы, Көліктегі полиция басқармасының бастығы

Бұған дейін Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін