Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан марқұм қыздың анасы сотталушыға кешірім беретінін мәлімдеді

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 1 маусымда Алматы қаласының қылмыстық сотында әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасы бойынша іс қарала бастады. Сотта осы апаттан қаза тапқан Құмар Тенелбаеваның анасы Бақытгүл Жолдасова жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің айтуынша, қайғылы оқиға болған күннің таңында қызы үйіне келген, ол әдетте такси жүргізіп табыс табатын. Сол күні оған 200 мың теңгеден астам несие төлеу қажет болып, 90 мың теңгесі жетпей тұрған.

"Қызым тамақтанып алды да, "ақша табуға кеттім" деді. Кейін кешігіп жатқан соң уайымдап, телефон соқтым. Ол бәрі жақсы екенін, соңғы жолаушыларды жеткізіп, жақын арада келетінін айтты. Кейін аш екенін де айтқан еді. Мен тыныш ұйықтап қалдым. Таңғы сағат 9-да маған қоңырау түсті, телефонды күйеуім көтерді. Бізге қызымыздың жол апатына түскенін айтып, тез келуімізді сұрады", – деді ол.

Олар Шамалған ауылында тұратынын айтты.

"Моргқа келгенімізде сағат 11 шамасы болды. Қызымды көрдік – ол қаза тапқан екен. Мен сенбедім… қызымның денесі бөлшектеніп кеткенін көрдім", – деп көзіне жас алды марқұмның анасы.

Сонымен қатар ол сотталушыны кешіретінін айтып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.


"Біз оны толық кешірдік. Ешқандай талабымыз жоқ. Қызымды қайтара алмаймыз, ол жер қойнына тапсырылды. Мен сотталушыны кешіремін", – деді Бақытгүл Жолдасова.

Бұған дейін апаттан қаза тапқан жүргізуші Еламан Тілемесовтың әпкесі де сотталушыға кешірім беретінін айтқан болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Zeekr жүргізушісі мас күйінде Әл-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті