Тоқаев Қазақстандағы "болашақтың қаласы" қандай болатынын айтып берді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жұмыс сапары барысында Алатау қаласын дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланатынын атап өтті.

"Баршаңызға мәлім, мен осыдан екі жыл бұрын болашақ қаласы – Алатау шаһарын салу туралы шешім қабылдадым. Бұл жобаның тұтас еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Біз осы қалаға инвестиция тартып, оны бизнестің және инновацияның жаңа орталығы ретінде дамытатын болдық. Осы жерде өмір сүру, жұмыс істеу азаматтарымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа мол мүмкіндік бермек". Мемлекет басшысы

Ол Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілгенін баса айтты.

"Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" конституциялық заң қабылданды. Осы тұста бірнеше маңызды мәселені пысықтап алуымыз керек. Алдымен, осы кезге дейін жүргізілген жұмыспен танысайық. Сонымен қатар жедел мәселелер мен ұзақ мерзімге арналған міндеттерге тоқталу қажет. Бір сөзбен, алдағы жұмыстың бағдарын айқындап алған жөн"Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, жалпы, Алатау қаласына қатысты кез келген мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатыр.

"Қазірдің өзінде қаланың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасты деп айтуға болады. Соның аясында салық жеңілдіктері ұсынылды, бақылау және реттеу тетіктері де бизнес жүргізу үшін оңтайлы бола түсті. Бұдан бөлек, осы қалада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтары жан-жақты қорғалады, сондай-ақ, цифрлық активтерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан бүгінде Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар "қарқынды дамитын қала" деп атауға болады".

Бұған дейін мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды

"Қар, бұршақ, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы