БҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тауып, тағы сегізі зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе-Астрахань тас жолында үш көлік соқтығысты. Жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылы маңында болды. DAF пен қос Toyota Camry соғысып, артынша бірі өртеніп кетеді.

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Жүк көлігі жолдың шетіне ұшып кеткен.

Бастапқыда жол апатынан 10 адам зардап шеккені  хабарланған, бірақ олардың екеуі дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Қалғандары шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Кешелі бері сараптама жасалып, тәртіп сақшылары тергеуді бастапты. Жол апатынан зардап шеккендерді Байғанин аудандық ауруханасына санавиациямен дәрігерлер бригадасы жеткізілген.

"Өкінішке орай, ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем алуда. Науқастарды жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санавиация бригадасы келді. Қазір жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында".   Досбол Әуезов, Байғанин ауданы ауруханасының басшысының міндетін уақытша атқарушы


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз