Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.

Президент АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйеген ішкі саяси бағдары елімізде іске асырылып жатқан "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты.

"Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті". Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Бұдан бөлек, жақында Ақордада сенатор Стив Дейнспен, АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Серджио Гормен және Ақ үйдің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, америкалық іскерлік топ өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздерге оң баға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Астанада жаңбыр жауып, күн –3°C-қа дейін суытады, ал Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы