Табиғат аясындағы трагедия: Ақмола облысында екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті

Сурет: pixabay
Ақмола облысында қайғылы оқиға орын алып, 8 және 12 жастағы екі қыз опат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2026 жылдың 11 шілдесінде бір отбасы мүшелері Целиноград ауданы, Қызылжар ауылының маңындағы жасанды су қоймасына демалуға барады. Бір түн түнеп, таңертең суға шомылған апалы-сіңлілі қыздар киімдерін ауыстыру үшін жағада тұрған көлікке отырады.

Бір кезде көлік күтпеген жерден қозғалып, көлбеу жерде орналасқандықтан төменге қарай ылдилай жөнеледі, сөйтіп суға түседі, деп жазады Region03.

Әкесі бірінші болып көмекке жетеді, бірақ ол есіктерді аша алмайды, әйнекті де сындыра алмады. Көлік суға тез батып кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

Автокөліктің жүріп кетуіне не себеп, сондай-ақ трагедияның барлық жағдайы тергеу барысында анықталатын болады.

Бұған дейін Алакөлде шетелдік қос турист суға батып кете жаздағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін